САУРАН: БЮДЖЕТ ТИІМДІЛІГІ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өмір сүру сапасын арттыру, өңірлердің теңгерімді дамуын қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және азаматтарға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Осы міндеттерді өңірлерде жүйелі жүзеге асыру мақсатында Сауран ауданында нақты жұмыстар атқарылуда.

Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер жан-жақты қаралды. Жиында жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалып, алдағы міндеттер нақтыланды.

Алғашқы мәселе аудан бюджетінің игерілуі мен қаржылық тәртіптің сақталуына арналды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов бюджет қаражатының игерілу барысы, қаржылық көрсеткіштер және жоспарланған жұмыстар туралы баяндама жасады. Аудан әкімі бюджет қаржысының әр теңгесі тиімді әрі мақсатты жұмсалып, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуы басты талап екенін атап өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жолдас Мирзабеков аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Мәжілісте тұрғындарға қолайлы әрі таза өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылып, бұл бағыттағы бақылауды тұрақты жүргізу тапсырылды.

Үшінші мәселе бойынша аудандық емхананың басшысы Сапарали Әбдиев денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайы мен тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы жөнінде есеп берді. Баяндамасында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру, профилактикалық жұмыстарды күшейту және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді. Сонымен қатар, бюджет қаражатының тиімді игерілуі, елді мекендердің көркеюі мен санитарлық тазалығы және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру – ауданның тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың негізгі тетіктері екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы айқындаған тиімді мемлекеттік басқару қағидаттарын басшылыққа ала отырып, Сауран ауданында халық игілігіне бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *