«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ САУРАНДА ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және тазалық мәдениетін қалыптастыруды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындап келеді. Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өңірлерде елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Осы игі бастаманы қолдау мақсатында Сауран ауданында да тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Осыған орай, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен және қолдауымен Шорнақ ауылдық округінде кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаның көркін жақсарту, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен қоғамдық жауапкершілігін арттыру.

Жалпыхалықтық сенбілікке ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар және еріктілерді қоса алғанда 700-ге жуық адам белсенді қатысты. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарын тиімді әрі жедел жүргізу үшін 12 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында ауыл ішіндегі көшелер, қоғамдық орындар, жол жиектері, арық-атыздар мен ортақ пайдаланылатын аумақтар күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы белгіленген орындарға шығарылып, елді мекендердің санитарлық жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Мұндай игі шаралар тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әрбір азаматтың тазалықты сақтауға қосқан үлесі – елдің экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын жақсартуға қосылған маңызды үлес.

Президент айқындаған экологиялық саясат аясында Сауран ауданында санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады. Таза әрі көрікті орта қалыптастыру – мемлекеттік мекемелер мен тұрғындардың ортақ міндеті және елдің тұрақты дамуына негіз болатын маңызды құндылықтардың бірі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *