САУРАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен есептілікті күшейту, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүйелі түрде жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Жиын барысында дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Комиссия отырысында салалық бөлім басшылары мен жауапты мекеме өкілдері баяндама жасап, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңдылық, ашықтық және әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыру, адами фактордың әсерін азайту, қызмет көрсету кезінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Аудан әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы ұсынған «Заң және тәртіп» қағидаты мемлекеттік басқарудың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтап, азаматтарға сапалы әрі ашық қызмет көрсетуге міндетті екенін жеткізді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, бақылау тетіктерін жетілдіру және қоғамдық сенімді нығайту бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру қажеттігін айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге анықталған мәселелерді жою, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, ішкі бақылау жұмыстарын күшейту және профилактикалық іс-шараларды жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жалпы, ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыру, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *