КЕНТАУ: ЖАСТАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық, спорттық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында орталық жанынан жұмыс істейтін үйірмелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында жастарға түрлі бағыттағы үйірмелердің қызметі кеңінен таныстырылып, олардың жұмыс тәртібі, қатысу мүмкіндіктері мен артықшылықтары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, үйірмелерге тұрақты қатысудың жастардың жеке тұлғалық қалыптасуына, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, шығармашылық ізденістерін арттыруға және жаңа дағдыларды меңгеруіне оң ықпал ететіні түсіндірілді.

Ел басшысы өз Жолдауларында жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың білім алуына, шығармашылықпен айналысуына және бос уақытын тиімді пайдалануына қолдау көрсету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап келеді. Осы бағыттағы жұмыстар жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, олардың әлеуетін толық ашуына және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жастарға арнайы жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылып, түрлі шығармашылық, спорттық және танымдық үйірмелерге қатысуға шақыру жүргізілді. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық белсенділікті арттыру және еріктілік мәдениетін дамыту мәселелері де кеңінен насихатталды.

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан балалары» бағдарламасының негізгі мақсаттарымен де үндеседі. Бағдарлама аясында балалар мен жастардың сапалы білім алуына, бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасау көзделген. Үйірме жұмыстары жас буынның талантын шыңдап, олардың болашақта бәсекеге қабілетті әрі белсенді азамат болып қалыптасуына негіз қалайды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал ету, оларды қызығушылықтарына сәйкес үйірмелерге тарту, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға қолдау көрсету, сондай-ақ жастардың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру. Осындай жұмыстар арқылы өскелең ұрпақтың білімге ұмтылысы артып, қоғам өміріне белсенді қатысатын саналы әрі жауапты жастар қатары көбейе түседі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *