Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың зияткерлік әлеуетін арттыру, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Kahoot» танымдық ойыны өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар тарих, әдебиет, мәдениет, география, спорт және жалпы танымдық бағыттағы түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынауға мүмкіндік алды. Қызықты әрі тартысты форматта өткен ойын жастардың логикалық ойлау қабілетін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын және командалық қарым-қатынас мәдениетін дамытуға ықпал етті.
Зияткерлік сайысқа қатысқан жастар жоғары белсенділік танытып, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану арқылы ұйымдастырылған ойын қатысушылардың қызығушылығын арттырып, олардың танымдық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар аясында ұйымдастырылатын танымдық және ағартушылық іс-шаралар өскелең ұрпақтың интеллектуалдық дамуына, білімге құштарлығының артуына және белсенді азаматтық ұстанымының қалыптасуына оң әсер етеді. Бағдарлама аясында балалар мен жастардың сапалы білім алуына, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» алдағы уақытта да жастардың білім деңгейін арттыруға, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған жобалар мен іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жалғастырады.
