Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ұлт денсаулығын нығайту, жастардың сапалы білім алып, дені сау болып өсуі елдің орнықты дамуының басты кепілі екенін бірнеше рет атап өткен. Президент тапсырмалары аясында жастарды есірткіге тәуелділіктен қорғау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.
Іс-шара барысында жастарға есірткі заттарының адам ағзасына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, нашақорлықтың жеке тұлғаның өміріне ғана емес, қоғамның дамуына да кері әсер ететіні айтылып, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.
Аталған бағыттағы жұмыстар Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленген міндеттермен үндеседі. Тұжырымдамада халық денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу, азаматтардың өмір сүру ұзақтығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Осыған сәйкес, жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту, олардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру және зиянды тәуелділіктердің алдын алу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады.
Кездесу барысында жастарға спортпен шұғылданудың, дұрыс тамақтанудың, зиянды әдеттерден бас тартудың және белсенді өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір жас азаматтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, өмірлік мақсаттарына жету жолында дұрыс таңдау жасауы қажеттігі айтылды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, нашақорлықтың таралуының алдын алуға және қоғамда салауатты өмір салты құндылықтарын орнықтыруға ықпал етеді. Дені сау, білімді әрі белсенді жастар – еліміздің жарқын болашағы мен тұрақты дамуының басты тірегі.

