САУРАН: АНА ТІЛІНІҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және білімге ұмтылатын ұлт қалыптастыру мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Осы бағыттағы жұмыстар аясында Сауран аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығында «Мақал-мәтел – халық даналығы» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараны орталықтың қазақ тілі оқытушысы Орынбек Арайлым Жұмағалиқызы жүргізіп, оған мемлекеттік тілді меңгеріп жүрген ересек тыңдаушылар қатысты.

Сайыс барысында қатысушылар қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған даналық қазынасы саналатын мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, олардың тәрбиелік мәні мен мазмұнын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған түрлі танымдық тапсырмаларды орындап, өздерінің білім деңгейі, ой-өрісі мен тапқырлықтарын көрсетті.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырумен қатар, халқымыздың рухани мұрасын кеңінен насихаттауға, ана тіліміздің байлығын дәріптеуге және оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл – Президент көтеріп отырған білімді, парасатты әрі рухани құндылықтарды құрметтейтін қоғам қалыптастыру міндетімен үндесетін маңызды бастамалардың бірі.

Іс-шара қорытындысында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық мұраны ұлықтау, ана тіліміздің байлығын дәріптеу және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру – келешек ұрпақтың рухани дамуына қосылған маңызды үлес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *