БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ ЕРТЕҢІ: САУРАНДА ЖАС ДЕПУТАТПЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сауран ауданында жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» атты жас депутатпен кездесу өтті.

Тағылымды басқосуға жас депутат Шарапов Хуршид Бахтиярұлы қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты. Кездесу барысында ол білімнің адам өміріндегі маңызы, адал еңбек, табандылық, жауапкершілік пен мақсатқа ұмтылудың мәні жөнінде ой бөлісіп, өзінің өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, олардың болашақ мамандық таңдауы, жеке даму жолы және қоғамдағы белсенділігі жөнінде құнды кеңестер айтты. Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, білімнің, тәрбиенің және ұлттық құндылықтардың қоғам дамуындағы орны туралы ой алмасты.

Іс-шара жастардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайтып, олардың жаңа бастамаларға ұмтылуына, білім мен ізденіске деген ынтасын арттыруға ықпал етті.

Білімді, бәсекеге қабілетті әрі отаншыл жастар – Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын келешегінің басты кепілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *