Сауран аудандық мәслихатының кезекті сессиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымын аудандық мәслихат депутаттарына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байсбаев, депутаттар, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Рәсім барысында аудан әкімі Конституцияның ел бірлігі мен заң үстемдігінің, тұрақты дамудың басты негізі екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған «Әділетті Қазақстан» бағыты мен «Заң және тәртіп» қағидатының жүзеге асуында Ата Заңның маңызы ерекше екенін айтып депутаттарға Конституцияның жаңа басылымын табыстады.
Өз кезегінде, аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байсбаев Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі әрі әрбір мемлекеттік қызметші мен депутаттың қызметіндегі негізгі құқықтық бағдар екенін атап өтті.
Шара құқықтық мәдениетті нығайтуға, заң үстемдігін дәріптеуге және Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды жергілікті деңгейде тиімді іске асыруға бағытталған маңызды қадам болды.
