Президенттің халық денсаулығын нығайтуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаты аясында денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс тиімділігін жүйелі түрде бағалау және жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы маңызды іс-шаралардың бірі Созақ аудандық орталық ауруханасында өткізілген медициналық кеңес болды.
Созақ аудандық орталық ауруханасы ШЖҚ МКК әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың алғашқы бес айындағы қызмет қорытындылары бойынша медициналық кеңес өткізілді. Жиынға аға дәрігерлер, аға мейіргерлер, бөлімше меңгерушілері және жалпы тәжірибелі дәрігерлер қатысты.
Кеңес барысында аурухананың есепті кезеңдегі негізгі көрсеткіштері жан-жақты сараланып, халыққа көрсетілген медициналық көмектің сапасы, емдеу бөлімшелерінің жұмысы, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі және негізгі индикаторлардың орындалу деңгейі талқыланды. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету барысында анықталған өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешудің нақты жолдары қарастырылды.
Жиын қорытындысында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы кезеңдегі басым бағыттар айқындалды. Медициналық көмектің сапасын арттыру, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметтердің тиімділігін күшейту және кәсіби жауапкершілікті арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.
Мұндай қорытынды кеңестер денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды жүйелеп, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету – денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеті болып қала береді.
