Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бағыты ретінде табиғатқа жанашырлықпен қарау мен тазалық мәдениетін орнықтыруға ерекше мән беріп келеді. Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы ел тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің тазалығын сақтауға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға жұмылдырып отыр.
Осы игі бастама аясында, Отырар ауданында «Таза су айдындары» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, оған ауданның белсенді жастары қатысты. Акция барысында өзен-көл жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, су айдындарының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – су көздерінің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту және табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидатын дәріптеу.
Акция барысында жастар туған өлкенің табиғи келбетін сақтауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ парызы екенін нақты іспен көрсетті.
Мұндай экологиялық бастамалар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғау ісіне азаматтардың белсенді қатысуын арттыруға ықпал етеді. Таза су айдындары – табиғаттың ғана емес, ұлт денсаулығы мен болашақ ұрпақтың аманаты.

