ОТЫРАР: ТАЛАПТЫ АУЫЛЫНДА ТАЗАЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ИГІ ІС ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Талапты ауыл округі аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өткізіп, ауыл аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында көшелердің бойы мен ауыл шеті күл-қоқыстан тазартылып, қоғамдық орындардың санитарлық тазалығы қамтамасыз етілді. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға, елді мекеннің көркеюіне және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар өңірлерде жүйелі түрде жалғасуда. Бұл – табиғатты аялау мен туған жердің тазалығына ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Туған өлкеміздің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан, мұндай игі істерді тұрақты жалғастырып, таза әрі көрікті ауыл қалыптастыруға барша тұрғынның белсенді үлес қосуы маңызды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *