Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін үнемі атап келеді. Осы бағыттағы жұмыстар «Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде жалғасып, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және елді мекендердің көркеюіне өз үлесін қосуда.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көкмардан ауылы, Тойшы Бейсенбі көшесінде орналасқан Көкмардан ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
Акция барысында мәдениет үйінің аумағы мен оған іргелес қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылып, абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытында жұмыстар атқарылды.
