Түркістан облысы, Отырар ауданы – ұлы өркениеттердің ізі сақталған, тарихи-мәдени мұрасы бай, киелі өңір. Елімізде туризмді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясат аясында ауданда тарихи-ландшафттық және эко-мәдени туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп, туристер үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Өңірдегі негізгі туристік нысандар – Арыстанбаб кесенесі, көне Отырар қалашығы, Күйіктөбе мен Алтынтөбе сияқты археологиялық ескерткіштер. Бұл нысандар тарих пен табиғаттың үйлесімін айқындап, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Туристік инфрақұрылымды жетілдіру, тарихи нысандардың аумағын абаттандыру, көгалдандыру және келушілерге қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштердің айналасында тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тарихи-мәдени нысандардың аумақтарында тұрақты түрде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен санитарлық талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.
Түркістан облысында туристік инфрақұрылымды дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға, елді мекендерді абаттандыруға және тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге басымдық берілуде.
Атқарылып жатқан жұмыстар Отырар ауданының тарихи келбетін сақтауға, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға және тарихи-ландшафттық әрі эко-мәдени туризмді дамытуға бағытталған.
