«Таза Қазақстан» – бір күндік акция емес, әрбір азаматтың өмір салтына айналуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Ұлттық құрылтай отырыстарында және өз сөздерінде тұрақты түрде атап өтіп, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру – елдің тұрақты дамуының маңызды бағыты екенін ерекше назарға алды.
Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына орай, «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің қызметкерлері 2026 жылғы 4 шілдеде мекеме кеңсесі мен бекітіліп берілген аумақта сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шара барысында аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбіліктің негізгі мақсаты – елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Конституция – азаматтардың құқықтарымен қатар, қоғам мен табиғат алдындағы жауапкершілігін де айқындайтын басты құжат. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және туған жердің көркеюіне үлес қосу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Экологиялық мәдениет күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаш отырғызу, қалдықтарды сұрыптау, су мен электр энергиясын үнемдеу – табиғатты сақтауға қосылған нақты үлес. Осындай игі бастамалар қоғамда экологиялық сананы нығайтып, туған жерге деген жанашырлықты арттыра түседі.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында өткізілетін мұндай сенбіліктер қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың белсенділігін арттыруға, қоғамда ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Әсіресе, жастар мен еріктілердің белсенді қатысуы табиғатты қорғау ісінің сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды қадам болып саналады.
Табиғатты аялау – болашаққа жасалған инвестиция. Сондықтан, әрбір азамат тазалықты өз ауласынан бастап, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды өмірлік қағидаға айналдырғанда ғана еліміздің экологиялық ахуалы жақсарып, келер ұрпаққа таза да көркем табиғат аманат етіледі. Бұл – Конституцияда айқындалған азаматтық жауапкершілік қағидаттарының нақты көрінісі әрі Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» идеясын жүзеге асырудың жарқын үлгісі.

