Кентау қаласының білім бөліміне қарасты білім ұйымдары туралы мәлімет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты кепілі – сапалы білім екенін әрдайым атап өтіп келеді. Президент өз Жолдауларында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына жағдай жасау, заманауи инфрақұрылымды дамыту және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін айқындады.

Осы стратегиялық міндеттер аясында, Кентау қаласының білім бөлімінде жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Бүгінде Кентау қаласы білім бөліміне қарасты 64 білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Оның ішінде 23-мемлекеттік мектеп, 8-жекеменшік мектепк, 13 мемлекеттік МДҰ, 20 жекеменшік МДҰ, 3- мемлекеттік қосымша білім беру мекемесі болып табылады.

Барлығы : 33 мектепке дейінгі ұйым, 31 мектеп, 3 қосымша білім беру мекемелері.

Педагогтар саны: 33 МДҰ — 596 педагог, 31 мектепте — 2379. Оның 2097 педагогі ақылы еңбек демалысында .

Кентау қаласының білім бөліміне қарасты білім нысандарының 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне (ТЭЦ-5) – 7 мекеме (2 мектеп, 2 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме) қосылса, автономды — 11 мекеме шағын қазандықпен (8 мектеп, 3 балабақша), табиғи газбен – 21 мекеме (13- мектеп, 8 балабақша)   жылытылады.

Орталықтандырылған ТЭЦ-5 Автономды (қазандық) Газдандырылған
Көмір Дизель
1 7 6 5 21

Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім беру ұйымдарында кешенді дайындық шаралары қолға алынған. Атап айтқанда, ғимараттардың инженерлік жүйелері тексеріліп, жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілді. Мектептер мен балабақшаларда ағымдағы жөндеу, әктеу-сырлау жұмыстары толық орындалып, оқу кабинеттері мен аумақтарды ретке келтіру ісі ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың барлығы білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқу үдерісіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық та ерекше бақылауда. Қаладағы білім беру ұйымдары орталықтандырылған жылу жүйесімен, автономды қазандықтармен, табиғи газбен, көмірмен және дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты қажетті отын қорын уақытылы қалыптастыру үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, мердігер мекемелермен келісімшарттар жасалды. Бұл өз кезегінде қыс мезгілінде білім беру ұйымдарының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

2026 жылы 3 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттамасы әзірленіп облыстық білім басқармасына қаржы қарауға ұсынылды.

Балабақша бойынша ағымдағы жөндеуге ұсынылғандар (Әлия-, Қамқор, Таңшолпан, Балдәурен, Ертөстік, Айша бибі, Көктем).

Күрделі жөндеу бойынша «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы мен Ә.Науаи атындағы №17 мектепте жүргізілуде.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Білімге салынған инвестиция – елдің болашағына салынған инвестиция». Сондықтан, білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жаңғырту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқу сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Кентау қаласында жүзеге асырылып жатқан дайындық жұмыстары – мемлекеттік білім саясатының нақты көрінісі. Бұл бастамалар жаңа оқу жылын жоғары деңгейде ұйымдастыруға, оқушыларға қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және сапалы білім берудің қолжетімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *