Табиғатты қорғау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендерді көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы бүкіл ел көлемінде кең қолдау тауып келеді. Бұл бастама қоғамның табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, әрбір азаматтың туған жердің тазалығы мен көркеюіне белсенді атсалысуына жол ашуда.
Осы мақсатта, 2026 жылғы 7 шілдеде Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Отырар аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең көлемді сенбілік және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара спорт мектебінің басшысы Ташов Ермек Қалашұлының бастамасымен өткізіліп, мекеме қызметкерлері ұйымшылдық танытып, ортақ іске белсене атсалысты.
Сенбілік барысында мекеме аумағы қоқыстан тазартылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, аумақты көгалдандыруға бағытталған жұмыстар атқарылды. Бұл шаралар қоршаған ортаның көркін арттырып қана қоймай, табиғатты қорғау ісіне нақты үлес қосты.
Осындай игі бастамалар арқылы ұжым қоршаған ортаны қорғаудың маңызын дәріптеп, жас ұрпаққа экологиялық мәдениет пен табиғатқа жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетуде. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ парызы әрі келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігі.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға және туған жердің көркеюіне өз үлесін қоса бермек.

