Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар барлық өңірлерде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл игі бастама қоғамда тазалық пен тәртіп мәдениетін нығайтып, туған жердің табиғатын аялауға бағытталған ортақ жауапкершілікті қалыптастыруды көздейді.
Осыған орай, Балтакөл ауылдық әкімшілігі мен жастар ісі жөніндегі инспектор А. Үстемірованың ұйымдастыруымен Балтакөл ауылындағы «Ардагерлер» саябағында кезекті экологиялық сенбілік өткізілді.
Сенбілік барысында саябақ аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жаяу жүргіншілер жолдары, демалыс орындары, орындықтар мен саябақтың айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындардың тазалығы қамтамасыз етілді.
Іс-шараға белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізілетін экологиялық акциялар қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Сондықтан, әрбір тұрғынның табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға қосқан үлесі туған өлкенің дамуына қосылған нақты үлес екені сөзсіз.
Туған жердің тазалығы – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауылдың көркеюіне және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне өз септігін тигізе береді.
«Таза Қазақстан» – әр үйден, әр көшеден, әр ауылдан басталатын ортақ мәдениет пен жауапкершілік.
