Білім бөлімінде 2025-2026 оқу жылында тәрбие саласы бойынша Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 09.07.2004 жылғы №591 Заңын іске асыру мақсатында 2025-2026 оқу жылына «Қалалық білім бөліміне қарасты жалпы мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін» 29.08.2025 жылы № 436 ә/қ бұйрығы шығарылып, мектептерге жолданған.
Жалпы білім беретін мектептерде құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша қала әкімдігімен бекітілген мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен 2025-2026 оқу жылына арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша, ағымдағы жылдың 2025-2026 оқу жылында Кентау қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, бірлескен мүдделі орган қызметкерлерінің қатысуымен жалпы мектептердегі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-аналарына арналған «Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы- сапалы тәрбие кепілі», 230 ата-аналар комитетімен 32 кездесу, «Адал ата-ана- Қауіпсіз балалық шақ», 10633 ата-аналарымен, 5 қалалық іс-шара, 29 кездесу, 1 форум, «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында 530 ата-аналармен 2 рет кездесу өткізілді.
Жалпы білім беретін мектептерде бірлескен жоспарға сәйкес, қалалық емхана мамандарының қатысуымен 7-11 сынып оқушылары арасында жыныстық тиіспеушіліктің, ерте жүктіліктің алдын алу және болдырмау мақсатында тақырыптық қалалық 12 профилактикалық түсіндірме жұмыстары, 23 мектепте айына 1 рет кездесулер өткізілді.
Бұл кездесулер жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, жыныстық тиіспеушіліктің , буллингтің, зорлық-зомбылықтың, қылмыстардың, құқықбұзушылықтардың алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстардың белсенді жүргізіліп жатқанын көрсетті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша қала әкімдігімен бекітілген мемлекеттік құзырлы органдармен бірлескен 2025-2026 оқу жылына арналған кешенді жоспарын іске асыру іс-шаралары тұрақты жүргізілді.
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында 2025-2026 оқу жылында ерте жүктілік фактісі тіркелмеген.
