ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАМУ МЕН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – САУРАН АУДАНЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде өңірлерге инвестиция тарту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, өндіріс орындарын көбейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Осыған сәйкес, Сауран ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара тиімді байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы мақсатта, Сауран ауданында «Инвест керуен» жобасы аясында аудан кәсіпкерлерімен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды. Аталған кездесу өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысын талқылауға, кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін тыңдап, оларды заң аясында шешу жолдарын қарастыруға және инвестициялық қызметті дамытуға бағытталды.

Жұмыс кеңесіне Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, салалық бөлімдердің жетекшілері, кәсіпкерлер, инвесторлар және өндіріс саласының өкілдері қатысты.

Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында инвестициялық жобалардың алатын орны ерекше екенін атап өтті. Ол өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа кәсіпорындар ашу, тұрақты жұмыс орындарын құру және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру және инвестициялық жобаларды сапалы іске асырудың маңыздылығын жеткізді.

Жиын барысында Сауран ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров аудан көлемінде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысы жөнінде кең көлемде баяндама жасады. Баяндамада ауданның инвестициялық әлеуеті, ауылдық округтерде жүзеге асырылып жатқан өндірістік жобалар, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру, өндіріс орындарын инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру және олардың аудан экономикасына қосып отырған үлесі жан-жақты сараланды.

Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жергілікті шикізатты тиімді пайдалану, жаңа технологияларды енгізу және инновациялық жобаларды қолдау мәселелері де кеңінен сөз болды. Бұл жұмыстардың аудан экономикасының тұрақты дамуына, салық түсімдерінің артуына және халықты тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал ететіні атап өтілді.

Кеңес барысында аудан прокуроры Алмаз Асылбеков кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше тоқталып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде заң талаптарының сақталуы, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігін күшейту, әкімшілік кедергілерді азайту және инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында прокуратура тарапынан тұрақты бақылау жүргізілетінін айтты.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы заң талаптарына сәйкес жүргізілуі, туындаған мәселелердің дер кезінде қаралуы және олардың заң аясында шешілуі өңірдегі қолайлы инвестициялық климатты қалыптастырудың маңызды факторы екені айтылды.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде кездесетін бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылу, жер телімдерін рәсімдеу, электр қуаты, табиғи газ және ауыз сумен қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктеріне қол жеткізу, өндіріс көлемін ұлғайту және экспорттық әлеуетті дамыту бағытында ұсыныстарын білдірді.

Мемлекеттік органдардың басшылары кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес нақты жауаптар беріп, көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, инвесторларды сүйемелдеу, рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатыны жеткізілді.

Жиын барысында мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогты дамыту, инвестициялық жобаларды тиімді сүйемелдеу, кәсіпкерлердің ұсыныстары мен өтініштерін жедел қарау, мемлекеттік қолдау құралдарының қолжетімділігін арттыру және жаңа инвестициялық бастамаларды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысында қатысушылар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелер хаттамалық бақылауға алынып, оларды шешу бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар инвестициялық жобалардың мерзімінде әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және экономиканың нақты секторын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

«Инвест керуен» жобасы аясындағы мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара сенім мен тиімді әріптестікті нығайтуға, бизнес өкілдерінің мәселелерін дер кезінде шешуге, инвестициялық белсенділікті арттыруға және Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беруге мүмкіндік береді. Инвестиция көлемінің артуы, жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы, кәсіпкерліктің қарқынды дамуы және тұрақты жұмыс орындарының көбеюі аудан экономикасының тұрақты өсіміне және халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына өз үлесін қоса бермек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *