САУРАН АУДАНЫНДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен мекемеаралық мәжіліс өтті. Жиынға аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидинов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жетекшілері қатысты.

Мәжілістің негізгі мақсаты – аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысын саралау, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру болды.

Күн тәртібінде мемлекеттік органдар қызметіндегі өзекті мәселелер, прокуратура тарапынан енгізілген ұсынымдардың орындалу деңгейі, құқықтық тәртіпті нығайту, қызметтік тәртіпті сақтау, атқарушы органдар жұмысының сапасын арттыру және мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапкершілікті күшейту мәселелері жан-жақты қаралды.

Жиын барысында аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жобалардың орындалу барысы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, халықпен кері байланысты күшейту, тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдарын заң аясында сапалы қарау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қызметінде анықталған кемшіліктерге талдау жасалып, олардың туындау себептері мен алдын алу тетіктері қарастырылды.

Аудан прокуроры Алмаз Асылбеков мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылық қағидатын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Ол азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, прокуратура актілерінің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, анықталған заң бұзушылықтарды жою және олардың қайталануына жол бермеу бағытында нақты міндеттер жүктеді.

Өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидинов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыс деңгейін төмендету, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өзара үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық мемлекеттік мекемелердің қызметі нәтижеге бағытталуы тиіс екенін айтып, әрбір басшыға жүктелген міндеттерді сапалы әрі белгіленген мерзімде орындаудың маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, тәртіп пен жауапкершілікті күшейту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту қажеттігін жеткізді.

Мәжіліс қорытындысында күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері айқындалды. Берілген тапсырмалардың орындалу барысы тұрақты бақылауда болатыны, ал заң талаптарының сақталуы мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.

    

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *