САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 5 тамызында, сағат 11:00-де өтетінін хабарлаймыз. Тұрғындармен кездесу  Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді. Облыс басшысының жеке қабылдауы сағат 12:00-де ауданы әкімдігінің  ғимаратында өтеді.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8 (72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылғы 3 тамызға дейін сағат 09.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс: сағат 13.00 — 15.00) жүргізіледі.

Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Өтетін орны: Шорнақ ауылдық округі, М.Темірбаев №30.

Күні: 05 тамыз

Уақыты: 11:00

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *