Жаңа оқу жылы қарсаңында Сауран ауданындағы Төле би жалпы білім беретін мектебінде дәстүрлі «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Аталған бастаманың негізгі мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына сапалы дайындалуына қолдау көрсету. Бұл – әрбір баланың білім алуға тең мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.
Акция аясында оқушыларға мектеп формасы, оқу құралдары, мектеп сөмкесі, аяқ киім және басқа да қажетті жабдықтар түрінде қайырымдылық көмегі көрсетіледі. Мұндай қолдау балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл күймен бастап, сапалы білім алуына оң ықпал етеді.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан игі іске кәсіпкерлерді, демеушілерді, ата-аналарды және барлық жанашыр азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз. Әрбір жасалған қайырымдылық – баланың жарқын болашағына қосылған үлес.
Төле би жалпы білім беретін мектебінің ұжымы барша азаматтарды «Мектепке жол – 2026» республикалық қайырымдылық акциясына қолдау көрсетуге шақырады. Бір баланың қуанышы – тұтас қоғамның жарқын келешегіне салынған инвестиция.
Қосымша ақпарат: 8 775 438 57 80
Әлеуметтік педагог: Исаева Хурсанд.
