Жақсылық – қоғамды біріктіретін құндылық

Қоғамда өзара құрмет пен жанашырлық мәдениетін қалыптастыру, адал еңбек иелеріне қолдау көрсету – азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалардың бірі Сауран ауданында жүзеге асып, ауданның белсенді жасы Орынбай Кәусар көшелердің тазалығы үшін күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, оларға тәтті нан мен ыстық кофе ұсынды.

Таңның атысынан күннің батысына дейін елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету жолында еңбек ететін мамандардың жұмысы – қоғам үшін аса маңызды. Олардың күнделікті еңбегінің арқасында тұрғындар таза әрі жайлы ортада өмір сүріп келеді. Сондықтан, мұндай жандардың еңбегін бағалап, құрмет көрсету – әрбір азаматтың адамгершілік парызы.

Бұл игі іс «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының негізгі қағидаттарымен үндесіп, қоғамда мейірімділік, жанашырлық және өзара қолдау құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Еңбек адамын құрметтеу мен жақсылық жасау мәдениетін қалыптастыру – бірлігі бекем, жауапкершілігі жоғары қоғам құрудың маңызды алғышарты.

Осындай қарапайым, бірақ жүректен шыққан қамқорлық тазалық қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, қоғамда ізгілік пен сыйластықтың үлгісін көрсетті. Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласып, әлеуметтік маңызы бар бастамаларға үлес қосуы олардың азаматтық ұстанымының қалыптасқанын айғақтайды.

Қайырымдылық пен жанашырлық – үлкен мүмкіндікті емес, кең жүректі қажет етеді. Сондықтан, қоғамда бір-бірінің еңбегін бағалайтын, жақсылық жасауға ұмтылатын азаматтардың қатары көбейе берсе, елдің ынтымағы мен бірлігі де нығая түсері сөзсіз.

Жақсылық жасау – қоғамға жан жылуын сыйлау. Ал, адал еңбекке көрсетілген құрмет – адамгершіліктің ең асыл белгісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *