ТАУКЕНТТЕ МӘМС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Мемлекет басшысының халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін тиімді түсіндіру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осыған орай, Таукент дәрігерлік амбулаториясында медицина қызметкерлері мен елді мекен тұрғындары арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттары, оның артықшылықтары, сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері, медициналық көмекті алу тәртібі, сақтандыру мәртебесін анықтау жолдары және көрсетілетін медициналық қызметтердің түрлері туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Сонымен қатар, арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар мен түсіндірме материалдары таратылып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес нақты жауаптар ұсынылды. Мамандар азаматтардың жеке жағдайларына байланысты кеңес беріп, МӘМС жүйесіне қатысты өзекті мәселелерді түсіндірді.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрғындардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыруға, медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуына өз үлесін қосады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *