Қазақ музыка өнерінің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан, «Қазақ вальсінің королі» атанған көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толуына орай, Қарашық ауылдық мәдениет үйінде «Қазақтың ән падишасы» атты мерекелік ән кеші ұйымдастырылды.
Ән кешінің басты мақсаты – қазақ ән өнерінің классигі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, композитордың халық жүрегінен орын алған әндерін кейінгі ұрпаққа дәріптеу және ұлттық өнерге деген құрметті арттыру.
Шара барысында композитордың ел арасында кеңінен танылған, сырлы сазымен, көркем әуенімен ерекшеленетін таңдаулы шығармалары орындалды. Өнерпаздар Шәмші Қалдаяқовтың әндерін нақышына келтіре орындап, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Әрбір әннен қазақы болмыс, туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген құрмет пен адамдық ізгілік айқын сезілді.
Кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы айтылып, оның шығармаларының ұлттық өнердегі орны кеңінен насихатталды. Композитордың мол мұрасы – қазақ халқының рухани қазынасының ажырамас бөлігі екені атап өтілді.
Әсем ән мен әсерлі әуенге ұласқан мәдени шараға жиналған көрермендер өнерпаздардың өнерін жылы ықыласпен қабылдап, зор қошемет көрсетті. Ән кеші көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани әсер қалдырды.
Шәмші Қалдаяқовтың әндері – уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетін, халықпен бірге жасайтын мәңгілік мұра. Оның сырлы саздары қазақ елінің тарихымен, мәдениетімен және ұлттық рухымен біте қайнасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Ұлы композитордың шығармашылық мұрасын ұлықтау – ұлттық өнерді дәріптеу мен кейінгі буынға рухани құндылықтарды жеткізудің маңызды бағыты.
Шәмші әндері – халықпен бірге жасайтын мәңгілік әуен!
Ұлы композитордың өлмес мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
