ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Аудан басшысы майдан даласында болмаса да, тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат табыстады. Ардагерлердің үйлеріне барған аудан әкімінің жанында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ел ағалары да болып, аға буын өкілдеріне…
